Аустралия Ресейге қарсы санкция салды

846

Бұған дейін Канада осындай қадамға барған еді.

Аустралия Ресейге қарсы санкция салды Фото: reuters.com

Аустралия Қырым көпіріндегі теміржолды салуға және пайдалануға байланысты төрт ресейлік компания мен бір ресейлік азаматқа қарсы санкция салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы елдің сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Аустралия бір ресейлік азамат пен төрт компанияға қарсы қаржылық санкция енгізіп, елге келуге тыйым салды", – деп жазылған мәлімдемеде. 

Қырымға байланысты шектеулерді бұған дейін Канада жариялаған еді. Аустралия осы елмен бірлесе отырып осындай қадам жасап отыр. Канада екі ресейлік және төрт компанияға қарсы санкция енгізді. Ресми Оттава Қырымда "халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқығы өрескел бұзылып отыр" дегенді айтты. 

Еске сала кетсек, Қырым Ресейдің құрамына 2014 жылғы наурызда енген еді. Украина, ЕО елдері және АҚШ түбектің материктік Ресейге қосылуын аннексия дей отырып, өткізілген референдумның нәтижесін мойындаудан бас тартты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу