Аустралияда көпшілікке әуеден шоу көрсетіп жүрген ұшақ кенеттен апатқа ұшырады. Салдарынан пилот пен қасындағы жолаушы қаза тапқан, деп хабарлайды 24Хабар.
Оқыс оқиға Перт қаласында мыңдаған көрерменнің көз алдында болған. Жұртшылық Аустралия күні меркесін тойлауға жиналған еді.
Жергілікті арналардың хабарлауынша, апаттан жердегі адамдар зардап шекпеген. Әуе көлігі құлдилап барып, Суон өзеніне құлаған. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу