Аустралияда балалардың YouTube қарауына тыйым салынады

106

YouTube тарапы бұл жаңалықты таңданыспен қабылдады.

Аустралияда балалардың YouTube қарауына тыйым салынады Фото: BBC

Аустралияда YouTube қолдануға жас шектеуі енгізіледі. Ел билігі осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Бұл шектеулерді YouTube видеохостингіне де қолданбақ. Сәрсенбі күні елдің коммуникациялар министрі Аника Уэллс осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, "қауіпті алгоритмдерден" қорғау мақсатында 16 жасқа дейінгі балаларға YouTube қолдануға тыйым салынады.

Бұған дейін 2024 жылы Аустралия үкіметі Facebook, TikTok және Instagram сияқты әлеуметтік желілерге жас шектеуін енгізу туралы мәселені көтерген болатын. Бірақ о басында қара тізімге YouTube кірмеуі тиіс еді, себебі платформа мектептерде кеңінен қолданылады. Тыйым Facebook, Instagram, TikTok және Snapchat желілеріне де қолданылады. 16 жасқа толмағандар енді бұл платформаларда аккаунт аша алмайды. 

Өз кезегінде YouTube өкілдері әлеуметтік желі болып есептелмейтінін, тек бейнежазба жариялауға арналған платформа екенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу