Аустралияда биліктің рұқсатымен 700 коала атылды

162

Аустралия билігі өткен аптада тікұшаққа мінген снайперлер арқылы жүздеген ауру және кәрі коалаларды өлтіргеннен кейін сынға ұшырады.  

Аустралияда биліктің рұқсатымен 700 коала атылды Фото: nathab.com

Бұл процесс кезінде сау аналық коалалар өлтіріліп, отқа түскен джойларды жетім қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты Independent-ке сілтеме жасап.

Виктория штатының премьер-министрі Хасинта Алланның айтуынша, бұл жан-жақты әрі мұқият бағалаудан кейін қабылданған шешім.

Аустралияның Виктория штатында билік 700-ден астам коаланы тікұшақтан атуға рұқсат берді. Бұл шешім зооқорғаушылар мен кейбір саясаткерлердің ашу-ызасын тудырып отыр.

Ал, билік өкілдері наурыз айында болған өрт салдарынан коалалар шамамен 2000 гектар өсімдіктер жамылғысынан айырылып, олардың табиғи тіршілік ортасы, азығы мен суы жойылған.

- Коалаларды тікұшақтан атып өлтіру олардың жағдайын дұрыс бағалауға мүмкіндік бермейді деп есептеймін, - деді Коалаларды құтқару қауымдастығының президенті Джесс Робертсон.

Сонымен қатар, көптеген депутат коалалар 2022 жылдан бастап жойылып бара жатқан түрлер тізіміне енгізілгенін еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу