Аустралияда "Дю Солей" циркінің шоуы кезінде оқыс жағдай орын алды. Мұнда көпшілік алдында өнер көрсетіп жатқан әртістердің бірі 5 метрлік биіктіктен құлап кеткен. Салдарынан Олимпиада ойындарының қатысушысы, 35 жастағы гимнаст әйел шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша оның омыртқасына зақым келген болуы мүмкін. Қазір дәрігерлер тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы 24 Хабар жазып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу