Аустралияда дауыл салдарынан жеті адам қаза тапты

327

Үш адам із-түзсіз жоғалып кетті.

Аустралияда дауыл салдарынан жеті адам қаза тапты Фото: Рен ТВ

Аустралияда қатты жел мен нөсер жаңбыр су тасқынына себеп болды. Салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапты. Үш адамның із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

The Guardian басылымының жазуынша, Аустралия билігі жеті адамның қаза тапқанын растады. Олардың арасында жеті жасар кішкентай қыз да бар, ол коллектордағы суға кетіп қалған. Кейін құтқарушылар оның денесін тапты.

Төтенше жағдайлар министрі Мюррей Уотт әлеуметтік желілерде тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Аустралияда соңғы екі күнде, 25 және 26 желтоқсанда қатты жел соғып, бұршақ пен жаңбыр жауып, найзағай ойнады. Жел көптеген үйдің шатырын ұшырып, электр желілерін үзіп кетті. Электр энергиясын жеткізуші компанияның соңғы мәліметтеріне сәйкес, 1,5 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу