Аустралияда сотталған педофильдерді азаматтығынан айыру туралы заң жобасы қарастырылуда. Бұл туралы Аустралияның әділет министрі Майкл Кинан мәлімдеді. Саясаттанушының сөзінше, парламенттің қарауына берілген заң жобасының мақсаты: осындай қылмыстық оқиғаның шет елде орын алмауының алдын алу.
- Жаңа заң сотталған педофильдердің Аустралиядан кетуіне немесе Аустралияның паспортын алуына мүмкіндік бермейді, - дейді елдің сыртқы істер министрі Джули Бишоп
Билік өкілдері келтірген мәліметтерге қарағанда, 2016 жылы елден 800-ге жуық педофиль кеткен. Олардың көбі шетелге шығар болса, бұл туралы полицияны хабардар ету керек деген талапты бұзған. Бұдан өзге аустралиялық педофильдерге қатысты БАҚ беттерінде біраз шу көтерілген еді. Мысалы, 2016 жылдың соңына қарай Балиде 11 жасөспірім қызға зорлық көрсетті деген айыппен 70 жастағы Роберт Эндрю Эллис Фидс деген аустралиялық азамат 15 жылға сотталған болатын.
Егер заң қабылданса, Аустралиядан 20 000 қылмыскер шет елге шыға алмайтын болады.