Аустралияда премьер-министрдің жиыны кезінде ғимараттың төбесі құлап түсті

1107

Аустралияда премьер-министрдің жиыны кезінде ғимараттың төбесі құлап түсті

Апат салдарынан үш әйел жарақат алды, екеуі ауруханаға жеткізіліп, біреуіне сол жерде дәрігерлік көмек көрсетілген, деп жазады life.ru.

Оқиға Брисбенде болды. ABC News дерегінше, үш адам зардап шеккен, дегенмен министрдің өзі және жиналысқа қатысушылар дін-аман.

БАҚ-тың мәліметіне зер салсақ, 36-қабаттағы төбе құлаған сәтте, премьер-министр Малкольм Тернбулл өзге бір кабинетте жиын өткізіп жатқан.

Оқыс жағдай холлда болған, төбенің опырылған жері айтарлықтай үлкен емес, дейді полиция өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу