Аустралияда сауда орталықтарындағы жемістерден ине табылды

851

Осыған байланысты Жаңа Зеландияға жеміс экспорты тоқтатылды.

Аустралияда сауда орталықтарындағы жемістерден ине табылды

Аустралияда сирек қылмыс түрі тіркелді. Елдің сауда орталықтарындағы сөрелерде сатылған құлпынай, алма мен банан жемістерінің ішінен ине табылды, деп хабарлайды 24.kz.

Алғашында Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы фермалардың тұрғындары дабыл қаққан еді. Артынша қауіпті жемістер елдің өзге де аймақтарында тіркеле бастады. Осыған орай, Жаңа Зеландияға жеміс экспорты тоқтатылды. Ал жеміс өндіруші компаниялардың бірі өнімдерін толық қоқысқа лақтырса, енді бірі дүкен сөрелеріне жіберер алдында өнімді металл іздегіш аппараттан өткізетін болған.

Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. Тәртіп сақшылары әзірге еш ақпарат бере алмай отыр. Жемістердің ішіне кімнің және не үшін ине тығып қойғаны әлі де белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу