Аустралияда соңғы 40 жылда болмаған қар жауды

276

Аустралияның оңтүстік-шығысында табиғат тосын мінез танытты.  

Аустралияда соңғы 40 жылда болмаған қар жауды Фото: news-pravda.com

Жаңа Оңтүстік Уэльстың солтүстігін қалың қар басты. Кей жерлерде жауған ақ ұлпаның қалыңдығы 40 сантиметрден асқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің айтуынша, мұндай жағдай кейінгі 40 жылда болған емес. Десе де, жергілікті тұрғындар аққала жасап, бір-біріне қар лақтырып, мәз мейрам. Кейбірі ақ ұлпанын жауғанын алғаш рет көрдік деп отыр.

Алайда табиғаттың тосын мінезі 1400-ден аса төтенше жағдайға себеп болды. Соның ішінде 100-ден аса көлік қар құсауында қалып, бірталай үй жарықсыз қалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу