Аустралияда жоғалып кеткен балықшының денесі қолтырауынның ішінен табылды

564

Балық аулау кезінде жоғалып кеткен аустралиялықтың денесі қолтырауынның асқазанынан табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Аустралияда жоғалып кеткен балықшының денесі қолтырауынның ішінен табылды Фото: BBC

65 жастағы Кевин Дармодиді соңғы рет сенбі күні Квинслендтің солтүстігіндегі қолтырауындар мекендейтін Кеннеди-Бендте көрген.

 

Осы ауданда екі күндік іздеу шараларынан кейін полиция екі ірі қолтырауынды ұстап, олардың ішінен адам қалдықтарын тапты. Кімнің денесі екені нақты әлі анықталмады, бірақ полицейлердің болжамынша, қолтырауынның ішіндегі адам қалдықтары балықшының денесі болуы мүмкін.

Дармоди мырза білікті балықшы және Кейп-Йорк қауымдастығының танымал мүшесі болған.

Дүйсенбіде Дармоди соңғы рет көрген жерден шамамен 1,5 шақырым қашықтықта ұзындығы 4,1 м және 2,8 м болатын екі қолтырауын атылды.

Адам қалдықтары бауырымен жорғалаушылардың бірінің ішінен ғана табылды, бірақ жабайы табиғатты қорғау мамандары бұл оқиғаға екеуі де қатысты деп санайды.

Сол күні Дармоди мырзамен бірге болған басқа балықшылардың айтуынша, олар шабуыл сәтін көрмеді, бірақ оның айқайлап, суға құлағандағы дыбыстар естілгенін хабарлады.

Қолтырауындар Австралияның тропикалық солтүстік бөлігінде жиі кездеседі, бірақ адамдарға сирек шабуылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу