Аустралиядағы сән апталығында подиумға 50 жастағы модельдер шықты

1067

Аустралиядағы сән апталығында подиумға 50 жастағы модельдер шықты

Сиднейдегі сән апталығында подиумға жасы 50 мен 60 жастың аралығындағы модельдер шықты, деп хабарлайды Daily Mail.

Олар танымал дизайнер Томас Паттиктің көрсетіліміне қатысқан. Егде тартқан модельдер осы арқылы сұлулықтың әралуан типтерін көрсеткісі келген.

"Бұл өзін-өзі көрсете алатын мықты әйелдерді танытудың бір жолы", - дейді дизайнер.

Көрсетілім барысында жиналған қаржы отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған "Ақ лента" қайырымдылық ұйымына аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу