Аустрия әуекомпаниялары еліміздің 11 қаласына тұрақты рейстер орындайды

815

Екі ел арасында аптасына 21 рейске дейін орындауға мүмкіндік берілді

Аустрия әуекомпаниялары еліміздің 11 қаласына тұрақты рейстер орындайды

Мемлекет башысының "ашық аспан" тапсырмасы аясында Аустрия әуекомпанияларына жиілік бойынша шектеусіз және әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалану арқылы Қазақстанның 11 әуежайына (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей) тұрақты рейстер орындауға мүмкіндік берілді.

"Екі ел арасында аптасына 21 рейске дейін, атап айтқанда Вена – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша 7 рейске дейін, сонымен қатар, тағайындалған әуе компанияларға (Austrian Airlines, Air Astana) Вена – Алматы бағыты бойынша аптасына 7 рейс және Вена-Ақтау бағыты бойынша аптасына 7 рейс орындауға мүмкіндік берілді",– деп хабарлады ИИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу