Аустрия парламенті Гитлер туған үйді экспроприациялау туралы заң қабылдады

1135

Аустрия парламенті Гитлер туған үйді экспроприациялау туралы заң қабылдады

Аустрия парламенті үкіметтің Адольф Гитлер туған үйді экспроприациялауына рұқсат беретін заң қабылдады, деп хабарлайды француздың "Фигаро" газеті.

А.Гитлер өмірінің алғашқы үш жылын өткізген бұл үй Жоғарғы Аустрия аймағына қарайтын Браунау-ам-Инн қаласында орналасқан.

Басылымның айтуынша, енді заңға сәйкес, биліктің  кез келген сәулет жұмысын жүргізуге, тіпті  ғимаратты бұзуға қақы бар.

Ғимаратты мемлекетке сатудан бірнеше мәрте бас тартқан үй иесімен құқықтық мәселе біраз уақытқа созылған.

Бұдан бұрын ІІМ басшысы Вольфганг Соботка үйді бұзу керек десе, тарихи мұра болып табылатындықтан мәселе туындауы мүмкін деген федералдық канцлер Кристиан Керн мен вице-канцлер Райнхольд Миттерленер бұзудың қажеттілігі жоқ деген еді 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу