Аустриядағы тау шаңғысы курортында апат болып, жеті адам зардап шекті

244

Төрт адам ауыр жарақат алды, біреуінің жағдайы нашар. 

Аустриядағы тау шаңғысы курортында апат болып, жеті адам зардап шекті Фото: бейнеден скриншот

Аустрияның Тироль аумағындағы тау-шаңғы курортында арқанжол кабинасы үзіліп кетті.

Оқыс оқиғадан жеті адам зардап шекті. Төрт адам ауыр жарақат алды, біреуінің жағдайы нашар.

Апатты жағдай Эц елдімекеніне жақын маңдағы Ахеркогельбан арқанжолында болған. Мамандар арқанға ағаш құлап, салдарынан кабина үзіліп кеткен деп болжам жасады, деп жазады inbusiness.kz Euronews.com-ға сілтеме жасап 

Әзірге арқанжол уақытша істен шығарылды. Қазіргі уақытта оқиғаның неден болғаны, ағаштың қалай құлап кеткені анықталып жатыр.

Айта кетейік, Ахеркогельбан арқанжолында 60-қа жуық кабина бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу