Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

950

Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды, деп хабарлайды СІМ баспасөзқызметі.

Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасының арасында өңіраралық байланыс орнату және қарым қатынасты одан ары дамыту мақсатында Төменгі Аустрия федералды жерінің әкімшілік орталығы– Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Оған өңірдің билік, іскер және мәдени топтардың, консулдық корпус және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Қазақстанның Аустриядағы елшісі Қайрат Сарыбай өз сөзінде Құрметті консулдықтың ашылуы екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дамуына септігін тигізетінін атап өтті.

Қазақстан тарапы еліміз экономикасының диверсификациясы аясында Төменгі Аустриямен ықпалдастықты тереңдетуге мүдделігін таныта отырып, бұл өңір өзінің ағаш өңдеу, мұнай - газ, тоқыма, тамақ өнеркәсібі және жаңармалы энергия көздерін қолдануымен танымал болып отырғаны туралы айтылды. Осыған орай, елші аустриялық тарапты өзара ықпалдастықтың әртүрлі салаларындағы әлеуетті барынша белсенді дамытуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу