Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Қазақстан ящур ауруынан таза аймақ ретінде танылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл қорытындыны Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы берген.
– Бұл – ет және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа шығару үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деген сөз. Соны тиімді пайдалану керек. Мал басын есепке алу жүйесін жетілдіріп, зертханалық диагностиканың сапасын арттыру қажет.
Үкімет өнімдерді экспортқа шығаруға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу