Аутизмге шалдыққан балалар еуропалық әдіспен емделуде

389

Мекеме сәуір айында іске қосылған. 

Аутизмге шалдыққан балалар еуропалық әдіспен емделуде Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласындағы аутизмге шалдыққан және ақыл-ой дамуы тежелген балаларға арналған орталықта 110 бала оңалтудан өтуде. Ем-шаралар еуропалық әдіспен жүргізіледі.

 "Самұрық-Қазына" АҚ мен "Қазақстан халқына" қоры бірігіп ашқан 8 аутизм орталығының алғашқысы.

Мұнда АВА терапиясы, эрготерапия, кинезиотерапия, робототерапия, емдік дене шынықтыру, еңбек терапиялары, арт-терапия, музыкалық терапия, қыш-құмыра бұйымдарын жасау бағыттары қарастырылған. Сонымен қатар сенсорлық ықпалдасу, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, логопед, психолог және дефектолог мамандар қызмет көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу