"Аутизмге шалдыққан қызымды беліме байлап еден жуамын": Маскалы жігіт жалғызбасты анаға үй сыйлады

200

Қайырымдылық ісімен жұртшылықтың ықыласына бөленіп жүрген бетперделі жігіт бұл жолы Айнәзік есімді жалғызбасты анаға қуаныш сыйлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Аутизмге шалдыққан қызымды беліме байлап еден жуамын": Маскалы жігіт жалғызбасты анаға үй сыйлады Фото: Бейнежазбадан

Жалдамалы пәтерде 5 қызын жалғыз өсіріп отырған ананың тағдыры жүректі елжіретпей қоймайды.

Айнәзік өмірдің небір сынағына төтеп беріп келеді. 17 жастағы үлкен қызын бір топ ер адам көшеде қорлап, салдарынан ол ауыр психологиялық күйзеліске түскен. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. Ортаншы қызы аутизмге шалдыққан, әрі көзі көрмейді. Анасы оны беліне байлап, кешкісін кафелерге барып еден жуады. Тапқан табысы пәтерақы мен күнкөрістен артылмайды. 

Қаражат жетіспеген сәттерде жалға алған үйдің ақысын төлей алмай, қатты қиналған кездері де болған. 

"Жалғызбасты анамын, 5 қызым бар. Үшінші қызым ауырады, аутизм. Беліме байлап жұмысқа ертіп барамын. Екі көзі көрмейді. Кафелерде кешке еден жуамын. Жалдамалы пәтерде тұрып жатырмын. Үлкен қызымның жасы – 17-де. Көшеде бір топ бала зорлап, психологиялық жарақат алды. Айғайлап, шулап, бөлмесінен шықпайды. Жалға алу ақысын бере алмай қалатын кездер болады. Сол кезде қолымда ауыратын балам бар еді. Жүрегі тесілген, сол қайтыс болды. Балам қолымда, күн ыстық, оны қай жерге жерлеймін деп қиналдым", – дейді көзіне жас алған ана.

Осы бір ауыр тағдырды естіген бетперде киген жігіт бейжай қала алмады. Ол Айнәзікке жаңа баспана сыйлап қана қоймай, қыздарының еміне қажетті қаражатты да өз мойнына алды. Сонымен қатар кәсіп бастауға көмектесетінін айтып, отбасына үлкен үміт пен сенім сыйлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу