Ауыл әкімдеріне дауыс беру жасырын жүруі керек – Ұлттық кеңес мүшесі

1127

Ауыл әкімдерінің сайлауы сәтті өтсе, басқа деңгейдегі әкімдер де сайлануы мүмкін.

Ауыл әкімдеріне дауыс беру жасырын жүруі керек – Ұлттық кеңес мүшесі

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Максим Споткай ауыл әкімдерінің сайлауында дауыс беруді  жасырын түрде жүзеге асыруды ұсынды.

"Ауыл әкімдерін сайлау туралы идеяны өз Жолдауыңызда да айттыңыз, көтердіңіз. Бұл жерде де жалпыға бірдей тең және төте сайлау өткізу керек. Дауыс беру жасырын түрде болуға тиіс. Келесі жылы кент, ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау керек.  Мысалы, егер сайлау оң нәтиже берсе, оны кезең-кезеңімен басқа деңгейде де жүзеге асыру мүмкін деп санаймыз", – деді Ұлттық кеңес мүшесі. 

Сондай-ақ ол кеңес мүшелерінің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бастамаларын да ортаға салды. 

"Біздің ойымызша, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін 5 жылға арналған тұжырымдама қажет. Сонымен бірге арнайы заң әзірлеп, қабылдаған дұрыс. Жергілікті  деңгейдегі жиындарды өткізудің жаңа тәртібін енгізетін уақыт жетті деп санаймыз. Мысалы, қазір ол үшін аудан әкімінің келісімі қажет. Біз ауыл азаматтарының кемінде 10 пайызы жиын өткізу туралы мәселе көтерсе, оған сол ауыл әкімінің келісімі жеткілікті деп есептейміз", – деді ол.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу