Ауыл әкімдерінің сайлауы: үгіт-насихат жұмыстары 14 шілдеде басталады

1339

2021 жылғы 25 шілдеде еліміздегі облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының шешімімен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің 730 әкімін сайлау тағайындалады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ауыл әкімдерінің сайлауы: үгіт-насихат жұмыстары 14 шілдеде басталады

Ведомство мәліметінше, "Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирден және баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей (2021 жылғы 9 шілдеден кешіктірмей) хабарлап, жариялауға тиіс. 

"Бұқаралық ақпарат құралдары эфир мен баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспасөз бетінен орын бере алмайды (осы норманы бұзу лауазымды адамдарға – 30 АЕК мөлшерінде (87 510 теңге, 1 АЕК – 2 917 теңге), заңды тұлғаларға 50 АЕК (145 850 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша эфир және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер аумақтық сайлау комиссияларына берілуге тиіс", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ "Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 27-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. 

Осылайша, сайлау алдындағы үгіт 2021 жылғы 14 шілде жергілікті уақытпен сағат 18:00-ден кейін басталып, 2021 жылғы 24 шілде жергілікті уақытпен сағат 00:00-де аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу