Ауыл әкімі 40 гектар көлді малға сатқан

744

Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі тергеуге алынды.

Ауыл әкімі 40 гектар көлді малға сатқан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласында көлді жекеменшікке заңсыз рәсімдеген әкімге қарсы іс қозғады. Аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров оқиға Ұзынағаш ауылында болғанын айтады.

"Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш ауылдық округінің әкіміне қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол кәсіпкерден шаруа қожалығының аумағында орналасқан ауданы 40 гектар болатын көлді жекеменшікке ресімдегені үшін пара ретінде жалпы сомасы 7 000 000 теңге болатын мал  алған. Тергеу жалғасуда. Түпкілікті шешімді сот шығарады", – деді агенттік өкілі. 

Есжан Ботақара 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу