Ауыл әкімі басқарған көлікке мотоциклмен соғылған Жаңаарқа тұрғыны қаза тапты

1251

Жарақат алған ауыл әкімі ауруханада жатыр.   

Ауыл әкімі басқарған көлікке мотоциклмен соғылған Жаңаарқа тұрғыны қаза тапты Фото: Ұлытау облысы ІІД

Жаңаарқа ауданындағы Абай көшесінде кешкі уақытта жеңіл көлікпен мотоцикл соғылып қалған. Жеңіл көлікті Орынбай ауылдық округінің әкімі Азамат Жанатұлы басқарған. Көлікке соғылған мотоцикл жүргізушісі  11 сыныпты аяқтағалы отырған түлек болып шықты. Алған жарақаттың салдарынан 17 жастағы жасөспірім ауруханада қаза тапқан. Аудан тұрғындары сол маңда көше шамдары жоқ деп наразы болған. Алайда аудан әкімдігі бұл жерде көше шамдарының көп екенін айтуда.

“Оқиғаның ақ - қарасы тексерілетін болар , дегенмен ауыл әкімінің көлігіне мотоцикл бүйірден келіп соғылған. Қазіргі уақытта ауыл әкімі ауруханада жатыр. Құқық қорғау органдары анықтап тексеретін болады ”,- деп хабарлады Жаңаарқа ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңаарқа ауданы полиция бөлімі  бұл факті бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғаған.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Ұлытау облыстық Полиция департаменті жүргізушілерге тағы да жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдықты шектен тыс асырмауға шақырады”,- деп мәлімдеді Ұлытау облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу