Ауыл әкімі өз-өзіне қастандық жасамақ болды

Соңы өкінішпен аяқталуға сәл қалған жағдай 7 шілдеде тіркелген. 

Ауыл әкімі өз-өзіне қастандық жасамақ болды Фото: dknews.kz

Шенеуніктің бұл іс-әрекетіне әйелі тосқауыл болып, "екінші өмір" сыйлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқиғаның Ақтөбе облысы, Алға ауданына қарасты ауылдардың бірінде болғаны анықталды.

Онда 47 жастағы ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсауға әрекет еткен. Мұны Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиев хабарлап отыр.

Ол әріптесінің мұндай жағдайға неліктен барғанын айта алмайтынын мәлімдеген. Десе де, жеке мәселе себеп болғанынан хабар береді.

Қазіргі уақытта зардап шеккен әкімнің жағдайы бірқалыпты. 

– 47 жастағы ер адам Алға аудандық ауруханасына 7 шілдеде түскен. Жағдайы тұрақты, жалпы палатада жатыр, – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада. 

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. 

– Өз-өзіне қол жұмсау әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық тергеп-тексеру аясындағы басқа мәліметтер жария етілмейді, – дейді полиция өкілдері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу