Ауыл әкімін өлтірген ақтөбелікке сот үкімі шықты

537

Ақтөбе облысы Алға аудандық сотында Қарабұлақ ауылының әкімі Ернар Махамбетовтің өліміне қатысты іс қаралып, үкім шықты.

Ауыл әкімін өлтірген ақтөбелікке сот үкімі шықты

Сотталушы Құрман Өтегенов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Алға аудандық сотына сілтеме жасап.

Іс материалына сүйенсек, жәбірленуші мен сотталушы шаруа қожалығына барып, сол жерде ішімдік ішкен. Кейін арада жанжал шығып, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сүйенсек, жәбірленуші Ернар Махамбетов кесіп-тесетін заттан жараланып, көп қан жоғалтқаны белгілі болды. Ауруханаға жеткізген кезде оның өлімі тіркелді.

"Сотталушы Құрман Өтегенов Қылмыстық кодекстің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалсын. Жазасын өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесі болып белгіленсін", - деді Алға аудандық сотының судьясы Камшат Килбаева.

Оқиға былтыр желтоқсан айында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу