Ауыл бюджеті ауыл әкімі аппаратының айлық жалақысын қамтамасыз етуге де жетпейді

1782

Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаев жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысында ауыл шаруашылығы жерлерінің салығын ауыл бюджетіне тікелей бағыттауды ұсынды. 

Ауыл бюджеті ауыл әкімі аппаратының айлық жалақысын қамтамасыз етуге де жетпейді Фото: inbusiness.kz

Қауымдастық төрағасы ауыл бюджеті 6 түрлі салықтан құралатынын, алайда жиынтығында ауыл әкімі аппаратының бір айлық жалақысын қамтамасыз етуге де жетпейтінін жариялады деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Жер реформалары аясында салық кодексіне тиісті өзгеріс енгізу қажет деп есептейміз. Ауыл шаруашылығы жерлерінің салығы ауыл бюджетіне тікелей бағытталуға тиіс", – деді Жигули Дайрабаев 

Бұдан кейін ол аудан әкімдіктеріндегі жер комиссияларын жою қажеттігіне назар аударды. 

"Цифрландыру қарыштап тұрған заманда жемқорлыққа да, адами факторға да жол жоқ. Жерді жалға беру процесі әділ әрі жеңіл болуы керек. Фермерлердің цифрландыру саласында тәжірибесі де, біліктігі де аз. Сондықтан цифрландыруды енгізе отырып, шаруаларды тегін оқытуды қолға алған жөн. Жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерін, шабындық болсын, жайылым болсын, негізгі актив ретінде қарастырып, кепілдік бағасын еселеп өсіру қажет. Бұл шаруалардың несие алу мүмкіндігін арттырады", – деді Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу