Ринат Зайытов еліміздегі қандай мәселеге жылағысы келетінін айтты

4666

Соңғы 5 жылда Шығыс Қазақстан облысында 350 ауыл бос қалған.  

Ринат Зайытов еліміздегі қандай мәселеге жылағысы келетінін айтты Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов елдегі ауылдарды сақтау мәселесін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қажетті инфроқұрылымның, сапалы медицина мен білімнің, тұрақты жұмыс пен табыстың, тіпті қарапайым интернеттің жоқтығынан 34 жылдың ішінде өз туған ауылын амалсыздықтан аз адам тастаған жоқ. Соның салдарынан, қаншама ауылымыз "мүжілген сүйектей" мүшкіл хәлге жетіп, жабылып қалды. Нақты сандармен айтсақ, соңғы 5 жылда Шығыс Қазақстан облысында 350 ауыл, Солтүстік Қазақстан облысында 635, Павлодар облысы бойынша 352 ауыл бос қалды. 2024 жылдың өзінде-ақ СҚО-да 141 ауыл мәртебесінен айырылған. Көзіңе еріксіз жас, көңілге мұңды күмән ұялататын статистика. Бұл – жай ғана ауылдардың сандары емес, мыңдаған отбасының туған жері, ұшқан ұясы, өмірінің тарихы ғой. Ауыл деген жай жаба салатын есік емес, қазақтың алтын бесігі екенін неге ұмыттық?", – деді ол Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында.

Зайытов ауыл тұрғындары қандай да бір іс бастайың десе, кедергілер өте көп екенін баса айтты. 

"Мал бағып, егін өсірейін десе, жері, кәсіп бастайын десе, қаржысы, қажетті инфроқұрылымы да жоқ. Тұрғындарын былай қойып, ауылдың әкімінде де қарапайым қажеттіліктерді өтейтін бюджетте техника да, пәрмен де жоқ. Ауылдарды осындай күйге жеткізген соң, ауыл халқына неге көштің деп қай бетімізбен айтамыз? "Арқада аяз болмаса, арқар ауып несі бар"  дегенді бәріміз білетін шығармыз? Алдағы уақытты Абай облысы Аягөз ауданында да 10-нан астам ауылды жапқалы жатыр екен. Оның алдын алуға талпынып жатқан бір лауазымды тұлға жоқ. Қазақ өз тамырын өзі балталаса, қалай гүлдемек?! Жоқ, әлде бұл әрекеттердің ары жағында халықтың бәрін мәжбүрлі түрде қалаға көшіру керек деген жымысқы саясат бар ма? Ауылдарды сақтау әрекетін қашан жасаймыз?",  деді мәжілісмен.

Депутат ауыл әкімдерінің пәрменін күшейту керек деп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу