Еліміздегі 500 ауылдық елді мекенде "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде мыңға жуық жоба іске асырылады. Осы мақсатта биыл бюджеттен 176,4 млрд теңге қарастырылып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2019 жылдан бері ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, негізгі қызметтерге қол жеткізуді арттыру, өмір сүруге қолайлы орта құруға ден қойылып келеді.
2019-2024 жылдары ауылды дамытуға 524 млрд теңге бөлінді. 2,6 мың тірек және спутниктік ауылда 6,6 мыңнан астам жоба орындалды. Осының арқасында 772 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны, мектеп, медициналық пункт пен мәдениет үйі сияқты 2,1 мың әлеуметтік нысан, 3 мыңнан аса кентішілік жол салынып, жөнделген.