"Ауыл – Ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы: СҚО-да бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

453

Солтүстік Қазақстан облысында "Ауыл – Ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.  

 "Ауыл – Ел бесігі" мемлекеттік бағдарламасы: СҚО-да бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды Фото: primeminister.kz

"Жол төсемі болмай тұрып, пайдалануға беру туралы құжаттарға қол қойылды. Жоспарланған 53,5 шақырым жолдың 27 шақырымы жоқ. Келтірілген шығын көлемі шамамен 450 миллион теңгені құрады", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жол құрылысы кезінде қаржы жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар тұлғалар анықталды. Іс сотқа жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу