"Ауыл – ел бесігі" жобасы биыл 269 ауылдың жағдайын түзеуге бағытталады

1436

Жоба арқылы бөлінетін 105,9 млрд теңге ауылдардағы жолдарды, әлеуметтік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жақсартуға бағытталады, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Ауыл – ел бесігі" жобасы биыл 269 ауылдың жағдайын түзеуге бағытталады

"2019 жылдан бастап аймақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде "Ауыл - ел бесігі" жобасы жүзеге асып келеді. Қазіргі таңда еліміздегі 6 316 ауылды елдімекенде 7,8 млн адам тұратынын атап өту қажет. Оның ішінде 3 561 ауылды елдімекеннің ары қарай даму әлеуеті бар. Аталған жобаның басты мақсаты  инфрақұрылымды жақсарту. 2019-2020 жылдары "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 1 512 жоба даму әлеуеті бар 269 ауылдарда жолдарды, әлеуметтік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жақсартуға бағытталған. Бұл ауылдарда 2,1 млн адам немесе елдің ауыл тұрғындарының 27% өмір сүретінін айта кету керек",– деді деді Әлібек Қуандықов Парламент Сенатында өткен үкіметтік сағатта.

2019-2020 жылдары жобаны қаржыландыру көлемі 124 млрд теңгені құрады. 2021 жылы республикалық бюджеттің нақтылануын ескере отырып, 483 ауылдық елді мекенде 1 014 жобаны іске асыруға 105,9 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. "Ауыл – ел бесігі" жобасын 2021 жылы іске асыру 4,6 мың жаңа ШОБ субъектісін құруға, сондай-ақ салық және басқа төлемдерді 10,7 млрд теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. 

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу