"Ауыл ел – бесігі" жобасын қаржыландыру үш есе ұлғаймақ

885

2027 жылдың соңына дейін 3 561 ауылдың инфрақұрылымы жетілдіріледі. 

"Ауыл ел – бесігі" жобасын қаржыландыру үш есе ұлғаймақ

Халық алдында есеп беру кездесуінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов "Ауыл ел – бесігі" жобасы арқылы келер жылы 98 млрд теңгеге 920 жоба жүзеге асатынын айтты. 

"Елбасының бастамашылығымен ауылдағы өмір сапасын жақсартып, инфрақұрылым салу үшін 2019 жылы "Ауыл ел – бесігі" жобасы қолға алынған. Былтырғы жылдан бері 34 млрд теңгеге 520 жоба орындалды. 2020 жылға қаржыландыру үш есе ұлғайды. Жобада қамтылатын ауыл саны төрт есе артты. "Ауыл ел – бесігі" жобасы арқылы 98 млрд теңгеге 920 жоба жүзеге асып, 216 ауыл қамтылады. Жалпы, жоба аясында 2027 жылдың соңына дейін 3 561 ауылдың инфрақұрылымы жетілдіріледі", – деп айтып өтті Руслан Дәленов.

Айта кетсек, "Ауыл ел – бесігі" жобасына ауыл тұрғындары үшін маңызды мектептер, медициналық амбулаториялар, жолдар салу, көшелерге жарық тарту, спорт алаңдарын, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы және басқа да инфрақұрылымдық іс-шаралар жатады.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу