736 ауылда 1,5 мыңнан астам жоба іске асырылатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"2023 жылдың бюджетін нақтылау барысында қосымша 55 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Барлығын қоса айтқанда "Ауыл – ел бесігі" жобасының өзіне 200 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінгелі тұр. Қосымша бөлінген қаржыға 120-дан астам тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысанын, 275 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын және 1,3 мың көлік инфрақұрылымы жобасын іске асыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті вице-министр.
Айта кетейік, "Ауыл – ел бесігі" жобасы 2019 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.