"Ауыл – ел бесігі" жобасының бюджетін игеруге 2,5 ай қалды

601

Алматы, Қызылорда және Атырау облыстарының әкімдеріне "Ауыл – ел бесігі" аясындағы жобаларды іске асыру жұмысын жандандыру қажет. 

"Ауыл – ел бесігі" жобасының бюджетін игеруге 2,5 ай қалды

Үкімет басшысы Асқар Мамин өңір әкімдеріне осындай тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ауыл – ел бесігі" жобасы бойынша 3 561 ауыл іріктеп алынды. Іріктелген ауылдарда 6,9 млн адам тұрып жатыр. Бұл ауыл халқының 89%-ы", – деді Асқар Мамин үкімет отырысында. 

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында 2019-2020 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында 12 мың жоба іске асырылды. 

"Биыл "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыру аясында жобаларды тапсыру мен бөлінген бюджет қаражатын игеру бойынша Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары жақсы серпін көрсетті. Жыл соңына дейін 2,5 ай ғана қалды, барлық әкімдіктер, әсіресе, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары жобаларды іске асыру бойынша жұмысты жандандыруға тиіс", – деді Асқар Мамин. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу