Ауыл кәсіпкерлері үшін 20 миллиард теңге бөлінді

992

Ауыл кәсіпкерлері үшін 20 миллиард теңге бөлінді

"Даму" қоры моно-шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлер үшін 10 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды naryk.kz.

8 млрд теңге "АТФ Банкке", 2 млрд теңге "Нұрбанкке" салынды. Талап бойынша банктер паритетті түрде қаржы бөлуі керек. Яғни екі банк осы сомаға тең қаржы шығарады. Осылайша "Даму-Өңірлер ІІІ" бағдарламасына бөлінген қаржының жалпы көлемі 20 млрд теңгені құрайды.

Несие "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға беріледі.

"Даму-Өңірлер" бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлер субсидия түріндегі қосымша жеңілдікті де пайдаланып, пайыздық мөлшерлемені 7-10 пайызға арзандата алады. Ал кепіл мүлкі болмаған немесе жетіспеген жағдайда "Даму" қоры несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу