Өйткені елді мекендегі көшелер әр жерден өздігінен опырылып жатыр. Жұрт бұған жуырда ғана ауылға ауыз су жүргізген мердігердің ісі себеп дейді. Сөздерінше мердігер қазған құбыр орнын дұрыс тегістемеген, деп жазады inbusiness.kz Atameken Business арнасына сілтеме жасап.
Артынан арық су шұңқырға өтіп, мал жаппай құлап, мертіккен. 1-2 метрлік терең апанға мал емес, адам түссе не болар деп алаңдаулы. Тұрғындар мердігер ісі бітпей жатып, осылай оңалмай тұрғанына налиды. Тіпті тексеріс келіп, құрылысқа оң баға берілгеніне аң-таң. Шұңқыр тереңдігі де белден асады. Құдық беті де жабылмаған. Суға толған ор, баспаналарға жақын жатқан соң, үй іргесі сөгіле ме деп қауіптенеді.