Ауыл медицинасы: Премьер-Министр өңір әкімдеріне тапсырма берді

191

Үкімет "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлді. 

Ауыл медицинасы: Премьер-Министр өңір әкімдеріне тапсырма берді Фото: ОКҚ

Оның 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауыл медицинасы жаңа медициналық мекемелер мен білікті кадрларға мұқтаж. Сондықтан "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын сапалы іске асыру – біздің алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі. Ұлттық жобаны іске асыру барысын ақпан айында қарадық. Ол кезде бекітілген кестеден біршама артта қалу байқалған болатын. Соған сәйкес тиісті тапсырмалар берілген", - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Үкімет Ұлттық жобаны іске асыруға 60,3 млрд теңге бөлгенін атап өтті. Оның 21 млрд теңгеден астам бөлігін өңірлер алып үлгерді. Бүгінде қалған нысанды қаржыландыру мәселесі пысықталып жатыр.

"Әкімдіктер барлық нысандардың құрылыс жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізу үшін күнделікті бақылауды күшейтуі керек. Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстары әкімдерінің назарын осыған аударғым келеді. Құрылыс маусымы, әсіресе солтүстік өңірлер үшін тез аяқталатынын ескеру қажет. Барлық объектілер белгіленген мерзімде пайдалануға берілуге тиіс. Бұл ретте құрылыс жұмыстарының нормативтік талаптарының сақталуын да қамтамасыз ету керек", - деп жалғастырды спикер.

Премьер-Министрдің сөзінше, көпсалалы орталық аудандық ауруханаларды күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын жандандыру қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу