Ауыл мектебі мұғалімдері "Болашақ" бағдарламасымен оқуға барады

2728

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі айтты  

Ауыл мектебі мұғалімдері "Болашақ" бағдарламасымен оқуға барады Фото: gov.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ауыл мұғалімдерін "Болашақ" бағдарламасымен оқытатынын жеткізді, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Ауыл мектептерін жабдықтау мәселесін бірінші кезекке қойып отырмын. Бұл ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді деген ой бар. Ауыл мектептеріндегі мұғалімдерді де "Болашақ" бағдарламасымен шетелдік тағылымдамаға жіберу мәселесін қолға аламыз. Биыл бірінші рет пилоттық жоба ретінде Ақтөбе облысындағы ауыл мектептерініңі 10-ға жуық мұғалімін іріктеп алдық. Солармен жұмыс істеп көреміз. Сол мұғалімдерді бірінші лекпен шетелге жібереміз. Ол жайында мәлімет жариялаймыз. Одан жақсы нәтиже шықса, мектеп басшылары да, мұғалімдері де 3-6 айлық тағылымдамаға жіберіліп отырады", - деді министр Ғани Бейсембаев.

Еске салайық, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "Алтын белгі" жемқорлықтың көзі болып тұрғанын айтты.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу