Ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталды

244

Олимпиада дәстүрлі форматта екі турда 13 пән бойынша өтеді.  

Ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталды Фото: gov.kz

Бүгін ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының үшінші (облыстық) кезеңі басталуда, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оған аудандық кезеңнің 12 мыңнан астам жеңімпазы қатысуда.

Естеріңізге салсақ, бірінші кезеңге 113 мыңнан астам оқушы тіркеліп, оның ішінде екінші (аудандық) кезеңге 53,5 мың оқушы қатысты. Үшінші кезеңнің жеңімпаздары республикалық (қорытынды) кезеңге жолдама алады: жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11(12) сынып оқушылары.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткен оқу жылынан бері өткізіліп келеді. Оның мақсаты – ауылдан келген дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ оларға кәсіптік бағдар беру мен сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу