Ауыл мектептерінің автопаркі 47 автобуспен толықты

412

Мектеп автобустарының техникалық сипаттамалары барлық талаптарға сәйкес келеді.  

Ауыл мектептерінің автопаркі 47 автобуспен толықты Фото: gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлағандай, бұрын балаларды тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ескірген автопаркті ауыстыру туралы мәселені талай мәрте көтерген, деп жазады inbusiness.kz.

"Жыл басынан бері өңірлердің мектептеріне 47 жаңа автобус жеткізілді. Балаларды тасымалдау алдымен мектептері жоқ шалғайдағы аз қоныстанған ауылдарда ұйымдастырылған. Тасымалдау кезінде оқушыларды мектеп директорының бұйрығымен бекітілген арнайы қызметкер бақылайды", - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Автобустар қауіпсіздік белдіктері, апаттық шығу жол, жылдамдық шектегіштер мен сәйкестендіру белгілері және автобуста бала қалған жағдайда белгі беретін жүйемен қамтылған.

Қаржы лизингі бағдарламасы бойынша ел өңірлеріне барлығы 515 мектеп автобусы жөнелтіледі. Өткен жылы 103 автобус Түркістан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарына жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу