Ауыл мен қаланың алшақтығын қысқартамыз – Денсаулық сақтау министрлігі

615

Денсаулық сақтау саласында ауыл мен қала арасындағы  алшақтықты қысқартуды көздейтін "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық жобасы әзірленбек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ауыл мен қаланың алшақтығын қысқартамыз – Денсаулық сақтау министрлігі

"Жоба аясында алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы жетіспейтін жерлерде медпункт, фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулаториялар салу арқылы барлық ауылдық елді мекендер медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі", – деді вице-министр Жандос Бүркітбаев .

Сосын құрамында инсульт орталығы, кардиология, жансақтау, оңалту бөлімдері бар және заманауи медициналық құралдармен (КТ, МРТ, УЗИ, ӨЖЖ аппараты т.б.) жабдықталған заманауи көбейінді ауданаралық ауруханалары ұйымдастырылады.

Қазір медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарының құрылысына қажеттілік анықталған. Ел көлемінде 655 МСАК объектісіне зәрулік бар, оның 228-і жаңадан салынады, 427-сі қазіргі объектілердің орнына салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу