"Ауыл" партиясы Құрылтайға баратын 10 депутатын бекітті

151

​"Ауыл" партиясы Құрылтайдың депутаттық мандаттарын иеленетін 10 кандидаттың тізімін бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауыл" партиясы Құрылтайға баратын 10 депутатын бекітті Фото: "Ауыл" партиясы

Бүгін партияның Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтіп, тиісті шешім қабылданды. Кандидаттар тізімі 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысы негізінде бекітілді. Сайлау нәтижесінде "Ауыл" партиясы 10 депутаттық мандатқа ие болған.

Партия Жарғысына сәйкес, Саяси кеңес Бюросы алқалы түрде мына кандидаттардың тізімін бекітті:

1. Қайрат Айтуғанов
2. Шахмардан Байманов
3. Захира Бегалиева
4. Серік Егізбаев
5. Мұрат Иргибаев
6. Ажар Каджибекова
7. Владимир Киян
8. Алмас Мұхаметов
9. Динара Райханова
10. Рабиға Тоқсеитова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу