"Ауыл" партиясы мен АӨК альянсы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

971

Бағдарлама ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты сұраныстарына сай болуы керек.

"Ауыл" партиясы мен АӨК альянсы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Елордада 27 қазан күні Қазақстан агроөнеркәсіп кешені (АӨК) қауымдастықтары альянсы және "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Дөңгелек үстел форматында бас қосқан тараптар елдегі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасының тұжырымдамасы қабылдады.

"Ауыл" социал-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев партия алдағы Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар депутаттарының сайлауына түсуге шешім қабылдағанын айта отырып, қол қойылған меморандумнан зор үміт күтетінін жеткізді.

"Біздің мақсатымыз бен мүддеміз бір болады деп ойлаймын. Осы қол қойылған меморандумға ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл – жай ғана қағаз ғана емес, болашақта көптеген қызметтерді атқаруға мүмкіндік беретін құжат. Меморандум аясында әр саланың проблемаларын бірлесіп шешуге атсалысатын боламыз. Негізгі мүддеміз – халыққа қызмет ету, елдің тұрмыс-тіршілігін жақсарту", – деді партия төрағасы.

АӨК қауымдастықтары альянсы өкілі, "Картоп және көкөніс өсірушілер одағы" қауымдастығының төрағасы Қайрат Бисетаев шара аясында 2022-2027 жылдарға арнап әзірленген агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасының тұжырымдамасы "100 нақты қадам" Ұлт жоспары қағидаттарына сай екенін ерекше айтып өтті.

"Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені саласының 100 түйткілді мәселесі және оларды шешу жолдары" тұжырымдамасының негізінде бизнестің тиімділігі мен ауыл шаруашылығындағы тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз етудің қағидаты жатыр. "Тұжырымдама "100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сүйене отырып әзірленуде. Бағдарлама қарапайым әрі түсінікті және "төменнен-жоғары", яғни өңірлерде ауыл шаруашылғы өндірушілерінің нақты сұраныстарына сай болуы керек", – деді Қайрат Бисетаев.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу