"Ауыл" партиясы парламент сайлауына 19 үміткер ұсынды

837

Партия өзінің 18-ші съезін өткізіп, сайлауалды бағдарламасына енгізетін негізгі мәселелерді ортаға салды. 

"Ауыл" партиясы парламент сайлауына 19 үміткер ұсынды

Ал ең өзекті проблемаларды партиялықтар халық арасында 1 ай бойы жүргізген сауалнама нәтижесінде анықтаған, деп хабарлайды Аtameken Business. Оның ішінде шетелдіктерге жер сату мәселесіне нүкте қою, әр балаға әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, шалғай ауылдарға интернет жеткізу, шағын, орта бизнеске төмен пайызбен несие беру сынды мәселелер басты назарда. Партия төрағасы бүгінге дейін мемлекеттен бөлініп жатқан қыруар қаржының ауылдағы еңбеккерлерге 5 %-ы ғана жетеді дегенді айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу