"Ауыл" партиясын 8 жыл басқарған Әли Бектаев қызметінен кетті

1862

Төраға қызметіне Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев тағайындалды. 

"Ауыл" партиясын 8 жыл басқарған Әли Бектаев қызметінен кетті Фото: "Айғақ" ақпараттық порталы

"Ауыл" партиясының төрағасы Әли Бектаев өз еркімен қызметінен кетті, деп жазады inbusiness.kz.

Тиісті ақпаратты депутат Қарақат Әбден өзінің Фейсбук парақшасында хабарлады. Оның сөзінше, бүгін "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев өз еркімен қызметтен босаған.

"Әли Әбдікәрімұлының өз ұсынысымен ашық дауыс беру арқылы төраға қызметіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев тағайындалды. Серік Рахметоллаұлы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы, вице-министр қызметін атқарды. 2023 жылдың наурызынан бастап сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Aуыл" партиясы фракциясының мүшесі", - деп жазды https://www.facebook.com/abdenova.karakat халық қалаулысы.

Белгілі болғандай, бұл жаңалық партияның кезектен тыс ХХІІІ съезінде мәлім болған көрінеді.

Қарақат Әбден Әли Бектаевтың "Ауыл" партиясының даму жолында атқарған 8 жылдық еңбегін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу