Ғани Қалиев 1938 жылы Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Белбасар ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы болып бастаған.
1968-84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988-96);
1984-88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры;
1991-1993 жылдары Қазақ КСРО Жоғары кеңесінің депутаты болды;
1991-96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті.
1999-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Ұзақ жылдар "Ауыл" партиясының төрағасы болып қызмет атқарды.