"Ауыл" партиясының кандидаттары тіркелді - ОСК

617

Аталмыш партияның партиялық тізімінде 25 адам бар. 

"Ауыл" партиясының кандидаттары тіркелді - ОСК Фото: ortcom.kz

14 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Ауыл" партиясы 25 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Оның ішінде 10 кандидат – әйелдер, жастар және мүгедектер. Бұл партиялық тізімдегі адамдардың жалпы санының 40%-ын құрайды", - деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.

Оның сөзінше, партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституция мен "Сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді.

Еске салайық, осыған дейін Орталық сайлау комиссиясы "Байтақ" партиясының партиялық тізімін тіркегенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу