"Ауыл" партиясының кезектен тыс ХVIII съезі өтіп жатыр

882

Электораттың басым бөлігі – ауыл тұрғындары. 

"Ауыл" партиясының кезектен тыс ХVIII съезі өтіп жатыр

Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланып, Мәжіліс Парламентіне депутаттыққа үміткерлердің партиялық тізімі бекітіледі. Сондай-ақ, партияның саяси кеңесінің құрамына да өзгеріс енгізілмек. 

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев партияға халық тарапынан қолдау бар екенін айтты.

"Электоратымыздың басым бөлігі – ауыл тұрғындары. Халықтың 42 пайызын құрайтын осынау үлкен әлеуметтің мәселесін қозғау – біздің қасиетті парызымыз. Естеріңізде болса қыркүйек пен қазан аралығында

"Ел аманаты" жалпыұлттық сауалнамасын өткізген болатынбыз. Оның мақсаты осы күнге дейін партияның халықтан жинаған ұсыныстарын елмен бірге кеңінен талқылап, басымдыққа ие бағыттарын айқындау болды. Біз 212 мыңнан астам адам қатысқан осы сауалнама қорытындысы бойынша "көкейкесті" деп танылған проблемаларды сайлауалды бағдарламамызға енгіздік", – деді Әли Бектаев.

Партия төрағасының сөзінше, соңғы 5 жылда партияға 52 мың адам кірген.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу