Бүгін "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевты қолдауды жүзеге асыратын республикалық қоғамдық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бүгінге дейін Жигули Дайрабаев бастаған үгіт-насихат тобы Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола және Қарағанды облыстарында сайлаушылармен кездесті. Үміткер агроөнеркәсіптің өндіріс ошақтарын аралап, олардың қызметімен танысты, еңбек ұжымдарының тілегін тыңдады.
Сонымен қатар, ол әр облыс тұрғындарымен кездесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.