Аталған платформа саланың барлық ақпараттық жүйелерін біріктіріп, деректерді орталықтандырып сақтауды қамтамасыз етеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның негізінде салалық көрсеткіштерді кешенді әрі үздіксіз мониторингтеуге мүмкіндік беретін дамыған BI-талдау жүйесі қалыптастырылады.
Бұл жүйе субсидиялау және мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз етіп, негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) бақылауға, сондай-ақ уақытылы әрі негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті жедел және талдамалық есептілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Платформаны құру барлық қатысушылар үшін бірқатар артықшылықтар ұсынады. Мәселен, мемлекет өз кезегінде өндіріс, субсидиялау және инвестициялар бойынша сенімді талдамалық базаға ие болады; фермерлер әкімшілік жүктемені азайта отырып, қызметтер мен қаржылық құралдарға қолжетімділікті жеңілдетеді; ал қаржы секторы тәуекелдерді бағалау мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Мемлекет деректерге бақылауды сақтайды, ал барлық шешімдер Қазақстанның заңнамасына сәйкестендіріліп, технологиялық бейтараптық пен бәсекелестік қағидаттарын сақтай отырып қабылданады.
Платформаны құру жұмыстары салалық мамандар мен негізгі қатысушылардың қажеттіліктерін ескеріп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
"Е-АӨК" жобасын толыққанды іске асыру 2028 жылға дейін межеленген.