Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдаланғандарға төлемақы көтеріледі

168

Жерді тиімсіз пайдаланғандар 100 есеге дейін мемлекетке төлемақы артық төлейді.      

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдаланғандарға төлемақы көтеріледі Фото: gov.kz

Бұл тақырып Мәжілісте Салық кодексін талқылау барысында сөз болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдаланған жағдайда жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі 100 есеге дейін көтеріледі. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелері ұлғайтылады", - делінген Мәжіліс хабарламасында.

Салық тәуекелдерін басқару моделін, камералдық бақылауды, салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу кезіндегі тәсілдерді қайта қарау, қосылған құн салығын әкімшілендіру, сондай-ақ жоспарлы тексерулерден бас тарту да көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу